Еркін күрестен Алматы облысының құрамасы Шымкентте өткен Қазақстан-2017 чемпионатында әр түрлі дәрежедегі 7 медальға қол жеткізді.

Алматы облысы құрамасының қоржынына алтын әкелгендер: Гүлмарал Еркебаева, Марина Седнева, Жәмилә Бақбергенова, Аяулым Қасымова. Ал Мадина Бақбергенова мен Айгүл Нұрәлім күміс жүлде иеленді. Қола жүлде Зарина Дәулеткелдіге бұйырды. Чемпионат қорытындысы бойынша күрестен ұлттық құраманың мүшелері анықталады. Ең үздік спортшылар 2017 жылы Үндістанның Нью Дели қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады.