«Kerneu Limited» ЖШС 12 қызметкері Энергетик күні қарсаңында кәсиби наградаларға ие болды

 

«Kerneu Limited» ЖШС 12 қызметкері Энергетик күні қарсаңында кәсиби наградаларға ие болды

Кәсіби мереке – Энергетик күні қарсаңында «ZHERSU» корпорациясының құрамына кіретін «Kerneu Limited» ЖШС құрылыс-монтаж компаниясының 12 қызметкері мемлекеттік және корпоративтік наградалармен марапатталды.

Көп жылғы адал еңбегі, елдің электр энергетикалық саласының дамуына үлкен жеке үлесі “Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі” атағы өндірістік-техникалық бөлім бастығы Ромашов Шангерей Тулюгуновичке, және өндірістік-техникалық бөлімгің бас маманы Бейсен Қанашұлы Асқаповқа берілді.

«Қазақстан Электр Энергетикалық қауымдастығының құрмет грамотасы» құрмет грамоталарына инженер-сметашы Алия Тілеубекқызы Алякова, жетекші мамандар Марат Мұташұлы Жұмақанов және Тәжібаев Ибадулла, сондай-ақ бас маман Саян Сейтқалиұлы Камзанов ие болды.
«KEGOC» АҚ СЭЫҚ құрмет грамоталарымен учаскі бастығы Маратхан Бөкенханұлы Наурызбаев, өндірістік-техникалық бөлімнің жетекші маманы Байсуанов Мадияр Кабдолович, электржелішілер Нұрлан Айтқазыұлы Әсемханов, Габдулганий Ғабитұлы Есмағамбетов, Қанат Сәрсембекұлы Исабаев, Ерлан Құманұлы Қыстаубаев аталып өтті.


Құрмет грамоталары және грамоталар энергетиктерге «ZHERSU» Корпорациясы басшылығымен салтанатты рәсім барысында тапсырылды.