Инвестициялық жобалар

2012 жылдың наурыз айында «ZHERSU» ИӨК және Кореялық «KOSEP» Оңтүстік-Шығыс Энергетикалық компаниясы, келесі жақтан - «KONES» Кореялық Ядролық техника корпорациясы арасында меморандумға қол қойылды. Меморандум мазмұны – қуаты 53 МВт және жыл сайынғы орта көпжылдық энергия өндіру қуаты 237 МВТ болатын Алматы облысындағы Көксу өзені бойына салу жоспарланып отырған Қызылбұлақ ГЭС құрылысының жобасы болды. Қызылбұлақ ГЭС жоспарға алынған қолданысқа енгізілу мерзімі   – 2017 жыл. Сондай-ақ, 150 МВт қуатына ие Қызылкүнгей ГЭС жобасы да әзірлену үстінде.

Еліміздің оңтүстік аймақтарын электрмен қамту сенімділігін арттыруға бағытталған келесі бір маңызды жоба «ТАТЭК» АҚ тарапынан әзірленіп жатқан «Электр желілерін модернизациялау» инвестициялық бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама аясында ескірген құрылғыларды ауыстыру, АСКУЭ қолданысқа енгізу, кіші стансалар мен ЭТЖ жөндеу жұмыстары жүзеге асырылмақ. 2010-2012 жылдар аралығында «ТАТЭК» компаниясы тарапынан «Аймақтық электр желілерін модернизациялау» бағдарламасы аясында Алматы облысының электр желілерін модернизациялау мақсатында 1 млрд. теңгеден артық қаражат инвестицияланған. 

 

 «Сыбаға» республикалық бағдарлама шеңберінде 2013 жылы жалпы сомасы 2 миллиард теңге тұратын Алматы облысында 10 мың басқа арналған «Арқарлы-Майбүйрек» кешенде мал шаруашылығы базасында тағы бір инновациялық жобаны іске асыру басталған болатын. Жобаның бастамашылары болып «КазАгроФинанс» АҚ, LivestockShipping Services австралиялық компаниясы және  «Арқарлы-Майбүйрек» ЖШС танылды. «Арқарлы-Майбүйрек» ЖШС-ге салыным жалпы соманың 25% құрады. Жобаның өз-өзін ақтауы 5-6 жылды құрайды. Жоба асыл тұқымды малды, техника және тракторлар сатып алуды көздеді. 2013 жылғы күзде Австралиядан жасы - 8-12 айлық «герефорд» және «ангус» тұқымды тайыншалар асыл тұқымды малдың үлкен партиясы келді (жалпы жоспарланған мал санынан 3200 бас мал әкелінді). Дәл осылар асыл тұқымды шаруашылықтың негізі. 2014 жылдың басында кешен 130 асыл тұқымды бұқаларды қабылдады. 

Малды қабылдау үшін Шілікті шатқалында мал шаруашылығы кешені дайындалды, онда мал азығын және техниканы сақтайтын қоймалар орналасқан, ұзындығы 33 шақырымға созылған электр желілері тартылды, подстанциялар жөндеуден өтті, Шілікті өзенінің көпірі жөнделді, 30 мың га жайылым жерлер қоршауға алынды, меншік  ұңғымадан су жүрізу іске қосылды, одан басқа қызмет көрсететін жұмысшылар (мал дәрігерлері, малшылар, механизаторлар) үшін өте қолайлы 30 адамдық жатақхана салынды.