Жабдықты жаңарту

Материалды-техникалық базаны жаңарту және модернизациялау

Корпорацияның өндірістік кәсіпорындарының материалды-техникалық базасын модернизациялауға байланысты біртіндеп инвестициялау мүмкіндігі шығарылатын өнімнің сапалық және сандық көрсеткіштерінің артуына ықпал етіп отыр.
Сонымен, «Zhersu Power» зауытында кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан модернизациялау әрекеттері аккумулятор өндірісінің көлемін жүйелі түрде өсіруге (зауыттың ағымдағы жобалық қуаты 3 млн. автомобиль және 1 млн. стационарлық аккумуляторлар шығару болып табылады), сонымен қатар жаңа технологияларды игеруге бағытталған, нәтижесінде өндіріс қазірдің өзінде экологиялық таза, ал өндірілетін өнім ішкі және еуропалық нарықтарда бәсекеге қабілетті болып отыр.

«Zhersu Metal» кәсіпорны заманауи және жекелеген жағдайларда қазақстандық тәжірибе үшін бірегей болып саналатын өнімділігі жоғары автоматты желілермен, сондай-ақ алдыңғы қатралы әлемдік өндірушілер тарапынан шығарылған компьютерлендірілген басқару жүйелерімен жабдықталған. Бұл секілді техникалық жабдықталу деңгейі жобалау жұмыстарынан бастап, жоғары сапалы дайын өнімді шығарғанға дейінгі өндірістік міндеттердің толық кешенін шешуге мүмкіндік беретіні анық.

       

«Сайман корпорациясы» ЖШС өндірістік блогын модернизациялау
2012 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі аралықта «Сайман корпорациясы» ЖШС өндірістік базасында компанияның барлық өндірістік бөлімшелерінде модернизациялау жұмыстары жүргізілді. Ондағы мақсат алдағы уақыттарда сапалы өнім шығару және өнім мөлшерін экономикалық тұрғыда жоғарылату үшін қажетті негізбен қамтамасыз ету болатын. Компанияны дамыту стратегиясы бұл кезеңде ең алдымен қолда бар өндірістің активтерді дамытуға және электер есептеуіш құрылғыларды шығару қуатын арттыру мақсатында инвестициялар құюға шоғырландырылған еді.

Модернизациялаудың біірінші кезеңі қолда бар технологиялық үрдістері, атап айтқанда, еңбек өнімділігін және технологиялық үрдістің әр түрлі секторларындағы құрылғыларды жүктеу мүмкіндіктерін жетілдіруге бағдарланды. Бұл кезең аясында 23 млн. теңгеден астам қаражатқа арнайы құрылғылар мен жабдықтар сатылып алынды:


Модернизациялаудың екінші кезеңі барысында 2014 жылы төмендегідей құрылғыларға қол жеткізілді:



Жаңа есептеу құралдары мен әр түрлі міндетті атқаратын электронды құралдарды табысты әзірлеп шығару үшін көптеген параметрлерге байланысты бақылау және өлшеу жұмыстары жүзеге асырылуы тиіс: метрологиялық, механикалық, динамикалық, электрлі, осыған орай сәл ертерек, 2011 жылы зауыт тарапынан өнімдердің электромагниттік сәйкестік талаптарына жауап бере алу мүмкіндіктерін тексеру сынақтарын жүргізуге арналған құрылғылар алынған болатын (ЭМС). Бұған дейін құралдарды ЭМС байланысты мемлекеттік сертификаттау сынақтарына дайындау жұмыстары Ресейде (Мәскеу, Новосібір) өткізілетін еді. Ресейлік Петрозаводск қ. «ПРОРЫВ» зауытынан алынған арнайы мамандандырылған ЭМС сәйкестігі туралы сынақ жүргізу құрылғысына қол жеткізу МЕМСТ Р 52320-2005, МЕМСТ Р 52322-2005, МЕМСТ Р 52425-2005 талаптарына сәйкес келетін жаңа құралдарды сапалы және өте аз мерзім ішінде өзіміздің өндірістік база аясында шығаруға мүмкіндік беріп отыр.