«Дарабоз» әдеби бәйгесі

Корпорация республиканың ұлттық мәдениетін сақтауға және дамытуға айтарлықтай үлес қосады. Қазақстандықтардың өсіп келе жатқан буынына білім беру және дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. 2006 жылдан бастап «ZHERSU» Қазақстан жазышулар одағының «Дарабоз» Халықаралық балалар конкурсын өткізуді қаржыландырады.

2006 жылы алғашқы байқауды өткізу сәтінен бастап әдеби додаға қатысқан авторлар саны жүз адамға жуықтады, ал берілген сыйлық-ақылардың жүлделік қоры 15 млн. теңгеден асты. Конкурс қызығушылығы мен беделі жылдан жылға көбеюде, оған қатысу үшін тапсырылатын жұмыстар саны да растайды. Осылайша, алғашқыда бірінші екі жылда алынған жұмыстар саны жүзден сәл асса, 2010 жылы олар 450 тарта, ал соңғы екі жыл ішінде осы көлем жеті жүзге ұмтылуда.

     

Конкурс Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өткізіледі. Жыл сайын конкурс сый-ақыларымен 12 қазақстандық автор аталып өтеді:

Бас жүлде Есенқұл Маманов есімімен аталуы кездейсоқ емес: Мамановтар тегі қазақтарды ағартуды дамытуға үлкен үлесін қосты: олардың жеке қаражаттарына қазақ зиялыларын бір буынын даярлаған зиялылар мектебі салынды. Есенқұл Мамановтың өзі 1913 ж қазақ романын жазуға конкурстты өткізуге бастамашылық етті.

«Дарабоз» конкурсының басты мақсаты өсіп келе жақан буынның рухани әлемін байыту, балаларда отаншылдық сезімін, туған тілін, әдеттерін, дәстүрлерін білудің, сондай-ақ балалар жазушыларының беделін арттыру және балалар шығармашылығының индустриясын дамыту болып табылады.
«Дарабоз» конкурсына арналған іс-шаралар шеңберінде марапат табыстаудың салтанатты рәсімінен басқа, Алматыда А.Крылов атындағы балалар облыстық кітапханасында жыл сайын жазушылар, ақындар және жас оқырмандар кездесулері жүргізіледі, онда аудиторияға ең жақсы деп танылған және конкурс жүлдегері болған шығармалар жинағы “Баянжүрек” баспасымен шығарылатын «Кәусар бұлақ» және «Чистый родник» кітаптары сыйға тартылады. Жылдан жылға кітаптар таралымы өсуде, 2014 жылы ол 3,5 мың дананы құрады. Шығарылған кітаптар Қазақстан Республикасының барлық кітапханасы мен мектептеріне тегін таратылады. Кітаптар оқушылар мен мұғалімдерге, тәрбиешілер мен ата-аналарға, сондай-ақ ақырмандардың кең шеңберіне арналған.

Конкурсқа қатысуға рұқсат берілген жұмыстарға қойылатын талаптар 1 бастап 8-сыныпқа дейінгі оқырман аудиториясына бағдарлануды қамтиды, жанрлары – проза шығармалары, өлеңдер, пьесалар; таңдап алынған жанрға байланысты беттер саны бойынша шектеулер 5-тен бастап 25 бетке дейін.

Өткен конкурстардың жеңімпаздары:

Кезең Бас жүлде I орын II орын III орын

Сыйлық алғандар

 2013 Серік Байхонов

 Қанат Әбілқайыр, Ауыт Мұқибек

 Секен Иманасов, Арасанбай Естенов

Мәриям Көккөзова, Сәбит Дүйсенбиев, Жандос Смайылов

Кәдірбек Құныпияұлы, Әбубәлір, Қайран, Ертай Ашықбаев, Серікбол Хасан

 2012  Секен Иманасов  Ертай Ашықбаев, Бейбіт Сарыбай  Құлтөлеу Мұқаш, Елдос Тоқтарбаев

Ертай Айғалиұлы, Жанабек Шағатай,Ернұр Сейдахмет

 Мәдина Омарова, Мира Сембайқызы,Баян Болатханова, Мейіржан Жылқыбай

 2011  Жемісбек Дулатбнкұлы Бейбіт Сарыбай, Көсемәлі Сәттібайұлы  Секен Иманасов, Ертай Ашықбаев  Жаңабай Кемал, Райхан МӘженқызы, Есей Жеңісұлы  Алтынай Амангельді, Еұрлыбек Мамасеитов, Ауыт Мұқибек, Нұрғали Ораз
 2010  Қастек Баянбай Әубәкір Қайрат, Баян Болатханова Жақыпжан Нұрғщжаев, Ертай Ашақбаев Тұрдақан Жексенбпй, Ділдәр Иаиырбаева, Нұрғали Ораздар Әлібек Байбол, Әлібек Файзоллаулы, Қанат Кайым, Гульжан , Гүлжан Әбиірова
 2009          
 2008  Көкен Қамзин  Арасанбай Естенов, Көсемәлі Сәттібайұлы Ескен Елубаев, Дархан Бейсенбекұлы Бекмұрат Ботақанұлы, Танымбай Нұрмағамбетов, Таңдай Кенеев Қаржаубай Омарұлы, Ақылбек Шаяхметов, Таупық Рымжанов, Әлсейіт Акпанбетұлы
 2007          
 2006          

 

Конкурстың арқасында Дархан Бейсенбек, Асхат Өмірбаев, Гүлжан Абирова, Әлібек Байбол, Бейбіт Сарыбай, Алтынай Амангелді, Елдос Тоқтарбай, Ернұр Сейдахмет, Мейіржан Жылқыбай, Мира Ибраева және т.б.жас балалар жазушыларының шығармашылығы дамуында қолдау тапты.