Білім беруді қолдау және дамыту

«ZHERSU» корпорациясы жас буынды дамытуға бағдарланған жобаларға көңіл бөле отырып, облыстың білім беру мекемелерімен тығыз қызмет етеді.

Корпорация жыл сайын перспективті студенттерді жетекші шетел университеттеріне оқытуға жібереді, олардың қатарында: Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей), Мәскеу мемлекеттік жолдар мен байланыстар университеті (Ресей), Абердин университеті (Шотландия), Лондон экономика мектебі (Ұлыбритания), сондай-ақ Алматы энергетика және байланыс университетіне аз қамдалған отбасылардан шыққан студенттер пайдасына материалдық қолдау көрсетеді.

2013 жылы «ZHERSU»негізін салушысының Бауыржан Оспанов бастамасымен және қолдауымен өзге қала, ауыл оқушылары үшін интернаты бар физикалық – математикалық лицей ашылды. Орта мектеп жөнделіп, қазіргі жабдықпен жабдықталды. Мектеп жабдықталуына үлкен көңіл бөлінді. Оның материалдық-техникалық базасы қазіргі жабдықпен, 20 мың кітапқа есептелген кітапханамен және және интернетке шығу мүмкіндігі бар мультимедиялық кітапханамен, спорт залымен жабдықталды.

     

Өзін көрсеткен оқушылар Алматы қ. мамандандырылған лицейлерінің бірінің негізінде одан әрі оқу мүмкіндігін алады. Ең үздік түлектер сәйкес келісімдер жасалған Алматы энергетика және байланыс университетіне(АЭБУ), Қазақстан-Британ техникалық университетке (ҚБТУ) және Мәскеу энергетикалық университетіне бағытталады.

Лицейдің оқытушылар штаты облыстың ең үздік педагогтарымен, оның ішінде бұдан бұрын республиканың ЖОО-да жұмыс істеген ғылым кандидаттарымен және оқытушылармен толымдалған. Шақырылған мамандар үшін 12 үй коттедж салынып, қажеттінің барлығымен жадықталды.