Қайырымдылық

2013 ж. «Zhersu» корпорациясының негізін салушы Бауыржан Оспанов «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығын табыстаудың VII жыл сайынғы рәсімінде “Жыл қамқоршысы” атағына ие болды. «Алтын Жүрек» бұл – коммерциялық ұйымдар мен жеке тұлғалардың қазақстандық қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларына салымдары үшін ұлттық сыйлық.

Қайырымдылық қызмет білім беру, спорт және мәдениет секілді салаларда жүйелі жүзеге асырылатын іс-шаралардың кең тізбесін қамтиды.

Жыл сайын «Zhersu» корпорациясы Алматы энергетика және байланыс университетінде жоғары білім алатын, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, оқуда табысты студенттер пайдасына ай сайынғы шәкіртақылар түрінде қаржылық қолдау көрсетеді. Жыл сайын 15-20 студенттердің осы шәкіртақыларды алуға кандидатуралары оқу орындарымен көтермеленіп, Бауыржан Оспанов мүшесі болып табылатын Қамқоршылар Кеңесімен бекітіледі.
2006 жылдан бастап «ZHERSU» ИӨК Қазақстанның жазушылар одағының “Дарабоз” Халықаралық балалар жазушыларының конкурсын өткізуді қаржыландырып, ұлттық мәдениеттің сақталуына және дамуына, сондай-ақ қазақстандықтардың өсіп келе жатқан буынына білім беру мен дамуына жағдай туғызады.

«ZHERSU» корпорациясы спорт инфрақұрылымын жасауға және нығайтуға, бокс, дзюдо, самбо және күрестің басқа түрлерін әйгілеуге бағытталған, отандық спортты қолдау және дамыту бойынша ауқымды бағдарламаларды жүзеге асырады. Алматы облысының спорт федерацияларына, клубтары мен қауымдастықтарына жүйелі қолдау көрсетіледі. ZHERSU» ИӨК қаржылық қолдауымен балалар және жасөспірімдер спортын дамытуды қолдау үшін 2014ж.жазында Алакөл ауданының Лепсі а.орта жалпы білім беру мектебін ауданның спортта дарынды балалары үшін мамандандырылған мектеп –интернатына өзгерту мақсатында оның корпустарын қайта құру бойынша жұмыстар басталды.

«ZHERSU» ИӨК жүйелі түрде коммерциялық емес ұйым болып табылатын және әлеуметтік жауапты көзқарасы бар компанияларымен бөлінетін қаражаттарды біріктіру арқылы әлеуметтік маңызы жоқ, және әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыратын “Демеу” Қайырымдылық қорына қолдау көрсетеді.

Бауыржан Оспанов қолдауымен оның туған ауылы Жыланды өзінің кейпін өзгертті. 2002 жылы Жыландыда Корпорациядан барлық діни мерекелерді ұйымдастыруға және инфрақұрылымды: жылытуды, жөндеуді және т.б.қолдауға демеулік көмек жасалып мешіт салынды.
Кейін Бауыржан Оспановтың қатысуымен Жыландыда ауыл әкімдігі, тұрмыс үйі, мәдениет үйі жөнделді; 2010 жылы құны 100 млн. теңгеден ас атын қазіргі спорт кешенінің құрылысы аяқталды.

      

2013 жылы Б.Оспанов бастамасымен және қолдауымен базасында физикалық –математикалық лицей ашылған орта мектеп жөнделіп, қазіргі жабдықпен жабдықталды. Мектеп компьютерлер мен жиһазды сыйлыққа алды, кітапхана кітаптармен және электронды оқулықтармен толымдалды. Шеттен келген оқуышылар үшін қазіргі тұрмыстық техника, жиһаз, құрал-сайман сатып алынды. Оқу жылының басына мектеп оқушылары керек жарақпен және киіммен жабдықталды.

1998 жылдан бастап Бауыржан Оспанов ауылдағы барлық мерекелерді қаржыландыруда, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жүйелі ақша бөлуде.
Бауыржан Оспановтың қолдауымен Жыланды соңғы онжылдық ішінде дамыған әлеуметтік инфрақұрылымы бар гүлденген қазіргі ауылға айналды: көшелер толық жарықтандырылған, тұрғындар үшін тегін баруға 3-D кинотеатры ашылған.