Спортты қолдау және дамыту

«ZHERSU» корпорациясы спорт инфрақұрылымын жасауға және нығайтуға, бокс, дзюдо, самбо секілді спорт түрлерін және жекпе-жектің басқа түрлерін әйгілеуге, спорт федерацияларына, ең бастысы, балалар және жасөспірімдер клубтары мен қауымдастықтарына көмек көрсетуге бағытталған отандық спортты қолдаудың ауқымды бағдарламаларын жүзеге асырады.

Корпорация негізін салушы Бауыржан Оспанов бірнеше жыл бойы Қазақстан Республикасының кәсіпқой бокс федерациясының құрметті президенті және оның қолдауымен 2009 жылғы ақпанда құрылған Алматы облыстық бокс федерациясының басшысы болып табылады. 2014 жылғы мамырдан бастап Б.Оспанов Алматы облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресінің федерациясын басқарады.

 

«ZHERSU» корпорациясының қолдауымен Алматы облыстық бокс федерациясы боксшылардың жас буынын тәрбиелеу мен дайындауға бағытталған ұзақ мерзімді бағдарламаларды жүзеге асырады: қалаларда ғана емес, жаттығу орындарында болашақ чемпиондарды анықтайтын аудандық орталықтарда да залдарды ашады. Жалпы облыста 45 бокс залы жұмыс істейді, Үшарал қ. 2, Жаркент қ., Шелек к. 2, Маловодное, Жалаңаш, Сүмбе  к., мамандандырылған бокс залы ашылды.  Шәкіртақылар мен спортшыларды қолдау бойынша басқа іс-шараларға қосымша жаттықтырушылар құрамын қолдау бойынша бағдарламалар да қолдануда.  Бүгін Алматы облысы бокс федерациясы  бес мыңнан астам әр түрлі жастағы боксшы мен Спорт және туризм академиясының түлектерінен бастап Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушыларына дейін – түрлі біліктілігі бар тоқсаннан астам жаттықтырушыны біріктіреді. Бүгін өңірдің жастар және  жасөспірімдер командалары керек-жарақпен толық жабдықталған, Алматы облысының барлық бокс ұжымдары жүйелі түрде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға, оның ішінде шетелге шығады.  Облыстық спорт ұжымдарының тәрбиеленушілері арасында республикалық чемпионаттар жүлдегерлері ғана емес, Жыланды ауылында туып-өскен 2013 жылғы бокс чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бар. Гаухар Ермекбай – қыздар арасындағы әлем чемпионы, Балауса Муздыман – қыздар арасындағы әлемдік біріншіліктің күміс жүлдегері. 

Күрестің облыстық федерациясы грек–рим күресі, еркін және әйелдер күресі секілді күрес түрлеріне маманданатын 4,5 мыңнан астам спортшыны қамтиды. Барлық облыс бойынша палуандарды дайындаумен 162 жаттықтырушы айналысады.

Облыста жетпіске жуық зал есептеліп отыр, бірақ олардың көбі қазіргі уақытта қажетті спорт жабдығымен жеткілікті дәрежеде жабдықталмаған. «ZHERSU» корпорациясымен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп, жақын болашақта грек-рим күресінің 12 залына және еркін күрестің 12 залына алғашқы қажеттілік жабдығын сатып алу, сондай-ақ қолда бар апатты залдарды жөндеу жоспарланған. Спорттың осы түрін дамыту бойынша кейінгі ұзақ мерзімді жоспарлар әрбір аудандық орталықта жабдықталған мамандандырылған залдарды ашуды, күш күресі бойынша жаттықтырушыларды дайындауды, оқу-жаттықтыру жарыстарын өткізу және жарыстарға дайындалу, сондай-ақ айтарлықтай перспективті палуандарды қолдау бойынша іс-шараларды қамтиды.

Қазіргі уақытта, «ZHERSU» корпорациясы қолдайтын бокс және күрес облыстық федерациялары негізінде бар секциялар мен мектептердің материалдық негізін нығайту, мамандандырылған орталықтарды салу, спорт колледждерін қолдау жолымен спорттық жекпе-жек түрлерін қолдау және дамыту бойынша кең бағдарлама өрістетілуде.

«ZHERSU» корпорациясының отандық спортты бұдан әрі дамыту мен қолдауға бағытталған іс-шаралары қатарында: спорт мектептері мен секцияларды құрал-сайманмен және жабдықпен жүйелі жабдықтау, спортпен айналысу үшін жаңа құрылыстарды салу, елдің болашағы бар спортшыларын қаржыландыру.

«ZHERSU» ИӨК қаржылық қолдауымен балалар және жасөспірімдер спортын дамыту мақсатында 2014ж.жазында Алакөл ауданының Лепсі а. орта жалпы білім беру мектебін ауданның спортта дарынды балалар үшін мамандандырылған мектеп –интернатына өзгерту мақсатында оның корпустарын қайта құру бойынша жұмыстар басталды. Спорт мектебі оқытылуы жалпы мектеп бағдарламаларынан басқа, дәстүрлі бокс (ерлер және әйелдер), еркін күрес (ерлер және әйелдер), грек-рим күресі (ерлер және әйелдер), дзюдо және шаңғы спорты секілді спорт түрлері бойынша дайындықты қамтитын 13 жастан (7-сынып) басталатын жас санатындағы 150 оқушыға есептелетін болады. Алғашқы 50 оқушыны қабылдау 2015 жылғы жазға жоспарланған. Іріктеу өлшемдері дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру болады. Шеттен келген балалар үшін мектеп жанындағы интернатта тегін тұрақты тұру мүмкіндігі қарастырылады. Педагогикалық және жаттықтырушылар құрамы жергілікті кадрлар, сондай-ақ облыс пен Алматы қ. тартылған мамандар есебінен қалыптастырылатын болады.

 

«ZHERSU» корпорациясының басшылығы кәсіби спортқа қолдау көрсете отырып, өз қызметкерлерін де спорттық өмір салтына тартады. Корпорация құрамына кіретін компаниялаырның спорттық командалары арасындағы Наурыз мейрамын жыл сайынғы мерекелеуге орайластырылған іс-шаралар шеңберіндегі жарыстар дәстүрлі болды.

Біз спортты қолдау және саламатты өмір салтын насихаттау еліміздің спорт дәстүрлерін дамыту мен сау болашағын жасаудың қажетті құрастырушылары болып таыблады.