Өнеркәсіп

«ZHERSU» Корпорациясының өнеркәсіптік кәсіпорындары құрал жасауда, металл өңдеуде, жүк артқыш электр сорғылары мен қышқылды аккумулятор өндірісінде алдыңғы орындарға ие болып отыр. Осы кәсіпорындардың өнімі ішкі нарықта, сондай-ақ Қазақстан шегінен тыс сұранысқа ие.

«Сайман корпорациясы» АҚ электр энергиясын есепке алудың тұрмыстық және өнеркәсіптік құралдарын шығарады, «SANAU» ЭЕБАЖ бағдарламалық кешенінің өзіндік әзірлемелерін жүзеге асырады, жарықдиодты шамдалдар мен шамдарды өндіреді.
«Сайман Корпорациясы» АҚ сайтына ауысу

«Zhersu Metal» ЖШС – металл құрылымдарының зауыты. Бұл қазіргі автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған жабдықпен жабдықталған тиімді өндіріс.
Зауыт өнімі: ЭБЖ тіректері, электр қосалқы станцияларының металл құрылымдары, өнеркәсіптік мақсаттағы қоршаулар мен басқа металл бұйымдары. Кәсіпорын қуаты жылына 12 мың тонна.
«Zhersu Metal» ЖШС сайтына ауысу

 

 

«Alakol Plant» ЖШС зауыт, Қазақстандағы өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық сумен жабдықтау үшін тиегіш электр сорғыларының өндірісі бойынша жалғыз мамандандырылған кәсіп орын.  

Қызметінің бағыты:

«Alakol Plant» ЖШС парағына ауысу.

«ZHERSU Power» ЖШС- стартерлі аккумулятор мен стационарлық батареялар өндірісінің зауыты.

Бұл Қазақстан мен оның шегінен тыс дамыған дилерлік желісі бар жоғары тиімді еуропалық жабдығымен жабдықталған қазіргі заманға сай кәсіпорын.

Стартерлі батареяларының өндірісінде «кальций-кальций» қазіргі технологиясы пайдаланады .
Өнім номеклатурасына автотракторлық және ауыл шаруашылық техникасына арналған стартер батареяларының типтік көлемдерун, темір жол көлігі үшін арнайы аккумулятор және энергетикалық кәсіпорындарға арналған стационарлық аккумулятор батареяларын қамтиды.
Зауыттың жобалық қуаты – жылына 3 млн. автокөліктік және 1 млн. стационарлық аккумулятор. «ZHERSU Power» ЖШС сайтына ауысу