Энергетика

Корпорация электр энергетикасында бірінші орынға ие болып отыр: электр энергиясын тарату және бөлу, электр энергетикалық инфрақұрылымның жаңа объектілерін салу, бар энергетикалық объектілерді қайта құру және жаңарту. Осы салада «ZHERSU» Корпорациясы «Kerneu Limited» ЖШС және «Талдықорған акционерлік электржүйелерінің тасымалдау компаниясы» АҚ – ТАЭТК, ірі өндірістік кәсіпорындарымен ұсынылған.

«Kerneu Limited» ЖШС көп жылғы жұмыс тәжірибесі бар қазақстандық көп бейінді компания. «Kerneu Limited» - мынадай жұмыс түрлеріне І санаттағы мемлекеттік лицензиясына ие біраз қазақстандық компанияларының бірі:


«Kerneu Limited» негізгі тапсырысшылары: «KEGOC» АҚ, «Мойнақ СЭС» АҚ, Hyundai Engineering Co., «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы” АҚ, «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ, «Батыс Транзит» АҚ, «ТНК «Казхром» АҚ, ҚР Қорғаныс министрлігінің “Хоргос” шекара маңы ынтымақтастықтың халықаралық орталығы” АҚ, «АСПМК-519» ЖШС.


Компаниямен жүзеге асырылған стратегиялық маңызы бар жобалар: ТМД-ғы бірінші жоғары арынды су электр станциясы - Мойнақ СЭС құрылысы, “Қазақстанның ұлттық электр желісін жаңарту” жобасының 1 және 2 кезеңіне қатысу, ашық және жабық типті қуатты электр қосалқы станцияларын салу, жоғары вольтты ЭБЖ және ТОБЖ құрылысы. 

«Kerneu Limited» ЖШС-нің сайты

                

«Талдықорған акционерлік электржүйелерінің тасымалдау компаниясы» АҚ 2004 жылы Корпорация құрамына кірді. «ТАЭТК» АҚ бұл – Алматы облысы Талдықорған өңірінің сегіз ауданы мен екі қаласы үшін электр энергиясын тарату мен бөлуді, электр желілері мен қосалқы станцияларды жөндеуді жүзеге асыратын өңірлік электр желілік компания. Компанияның қызмет көрсету аймағы 125 мың ш.м.жабады. “ТАЭТК” АҚ ЭБЖ арқылы берілетін электр энергиясының жылдық көлемі сағатына 1 млрд. кВт дейін жетеді.

Сенімді тұрақты электрмен жабдықтауға қол жеткізу үшін компания мамандары негізгі қаражаттарды жөндеу және жаңарту бойынша өндірістік бағдарламалар, бар электр желілерін салу және қайта құру бойынша инвестициялық жобалар әзірленіп, жүзеге асырылуда. «ТАЭТК» АҚ Республикадағы алғашқы ӨЭК-тің бірі болып электр энергиясын бақылау және есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (ЭБЕАЖ) құру бойынша жұмысты бастады.

Қазіргі уақытта “ТАЭТК” АҚ электр берілісінің әуе желілерінің 12 мыңнан астам км мен 2 мыңнан астам қосалқы станцияға техникалық қызмет көрсетуді және пайдалануды қамтамасыз етеді.
«ТАЭТК» АҚ туралы қосымша ақпарат