Корпоративтік жауапкершілігі

«ZHERSU» ИӨК корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі компанияның табысы көпшілік мақұлдаған этикалық қағидаттармен, адамдарға, қоғамға деген құрметпен және қоршаған орта туралы қамқорлықпен үйлесімді жолдармен ғана қол жеткізілетіндігімен байқалады.

Біздің әлеуметтік бағдарламаларымыз табиғатты қорғау, қызметкерлерді дамыту, еңбектің қолайлы жағдайларын жасау, біздің бөлімшелеріміз бар өңірлерде жергілікті қауымдастықтарды қолдау, сондай-ақ қайырымдылық қызметі мен адал іскерлік тәжірибе бойынша ерікті жүзеге асырылатын қызметтің кең спектрін қамтиды. «ZHERSU» Корпорациясының компаниялардағы өндірістік және экономикалық шешімдер олардың қоғам үшін кейінгі әлеуметтік және экологиялық салдарын есепке алып қабылданады.


             
  
    

Корпорация компаниялары ірі өңірлік жұмыс берушілері мен экономикалық қызмет субъектілері бола отырып, олардың қызметі жүзеге асырылатын жағымды әлеуметтік жағдайлардың қалыптасуы мен экономикалық әлеуетінің дамуына жағдай туғызады.

Корпорация компаниялары өз қызметін Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздігі, экологияны қорғау, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы заңнамасына қатаң сәйкестілікте жүзеге асырады. Кәсіпорындарымыздың қызметі сапа менеджменті жүйесіне сәйкес сертификатталған.

Корпорацияның белсенді әлеуметтік көзқарасы ішкі бағыттылық бағдарламаларында ғана көрінбейді, сондай-ақ біз қоғамдық өмірге белсенді қатысамыз. Жыл сайын қайырымдылық пен әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды қолдауға демеулік қолдауға қаражаттар бөлінеді, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне атаулы көмек көрсетіледі.