Қалыптасу тарихы

Қызметтің негізін сауда құрайды, яғни энергетикалық және өнеркәсіптік жабдықты, толымдаушыларды жанар-жағармаймен қамтамасыз ету сияқты бірнеше компаниялардың бірігу жылы - 1992 жыл «ZHERSU» инвестициялық–өнеркәсіптік корпорациясын құру жылы болып есептеледі.

«ZHERSU» инвестициялық –өнеркәсіптік корпорациясын құру күні қызметінің негізін сауда: энергетикалық және өнеркәсіптік жабдықты, толымдаушыларды ЖЖМ (жанар-жағармай материалдары) жеткізу құраған бірнеше компаниялардың бірігу жылы - 1992 жыл болып есептеледі.

2007 ж. дейін компанияның «TSC Group Corporation» (T - Technology, S - Service, C - Communication) деген аты болды. Сауда-сатып алу қызметінің нәтижесінде алынған қаражаттар ең алдымен өндіріске салынды.
Басынан бастап компания жұмысы табысты болды, оған кадрларды дұрыс таңдау, кәсіби менеджмент пен қабылданатын шешімдер дұрыстығына деген сенімділік жағдай туғызды. Бірнеше жыл ішінде «TSC Group Corporation» құрамына әр түрлі бейінді өнеркәсіптік кәсіпорындар кірді:
2003 ж. - «Сайман корпорациясы» ЖШС – құрал өндіру зауыты. Кәсіпорын өнімі бұл – электр энергиясын есептейтін тұрмыстық және өнеркәсіптік құралдары, оның ішінде қашықтықтан оқитын, рұқсатсыз қол салудан және т.б.қорғанысы бар электр есептеуіштерінің кең сұрыпталымы. Арнайы бағыт - ЭКЕАЖ (Электр энергиясы Коммерциялық Есебінің Автоматтандырылған Жүйесі). Зауыт Қазақстан мен Орта Азияда өз саласындағы көшбасшы болып табылады.
2003 ж. - «СП Ерка» ЖШС (2009 ж.бастап «ZHERSU POWER» ЖШС) – көліктік қышқылды аккумуляторлар өндіретін зауыт. Бұл жоғары сапалы еуропалық жабдықпен жасақталған, Қазақстанда және одан да тыс дамыған дилерлік желісі бар заманауи кәсіпорын. Кәсіпорынның жылдық өнімділігі – миллион аккумуляторға дейін шығарады.
2006 ж. - «Alakol Plant» ЖШС –батырмалы электр сорғыларын өндіретін зауыт. Бастапқыда (90 жж. басы) зауыт Орталық Азияны суландыру бағдарламасына негізделген болатын. Бұл бағыт сақталды, сонымен қатар химиялық және мұнай салалары үшін сорғылар өндірісі игерілді. Зауыттың жылдық өнімділігі – 4-5 мың сорғы.
2008 ж. өз күшімен «ZHERSU METAL» АҚ металл құрылымдарының зауыты пайдалануға қосылды. Зауыт еуропалық автоматты ағынды желілермен жабдықталған. Шығарылатын өнім – жоғары вольтты электр желісі металл бағандары, гидромелиорация, металл көпірлері мен жол қоршауларының және т.б. күрделі элементтері. Өнімділігі жыл ішінде металл бұйымдары мен құрылымдарының 20 мың тоннасы.



 

               

Корпорация қызметінің басты саласы сауда-саттық қызметі болып қалып отыр. 2008 ж. бастап өз уақытында «TSC Group Corporation» бастауын алған, өз кезегінде бірнеше сатып алу және жабдықтау компанияларын игерген, материалдық-техникалық жабдықтау мен көтерме-бөлшек сауда департаменттері біріктірілген «ZHERSU Сауда үйі» ЖШС қызметі шеңберінде жүзеге асырылады.
Корпорация басшылығының оның қызметін әртараптандыруға талпынысы меншікті ауыл шаруашылық секторын құруда жүзеге асырылды. 2001 жылдан бастап Алакөл ауданының бірнеше ауыл шаруашылық кәсіпорындары (Алматыдан солтүстікке қарай алты жүз киллометрде) Корпорацияның пайдаланылатын жерінің жүз елу мың гектары және ірі қара мал қой мен жылқылардың айтарлықтай саны бар Алакөл агрокешеніне біріктірілді. Агрокешен қызметінің бағыты – ет-сүтті мал өсіру және өсімдік өсіру. 2001 ж.бастап Корпорациямен серіктес «Байсерке Агро» ЖШС ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және сақтау бойынша, сондай- ақ Алматы қ.маңындағы логистикалық орталық рөлін атқаратын ірі қазіргі заманға сай кәсіпорын.
Энергетикалық бағыты: 2004 ж. бастап Корпорациямен серіктестік аясында «ТАЭТК» АҚ - Талдықорған Акционерлік Электржүйелерінің Тасымалдау Компаниясы бар. «ТАЭТК» АҚ қамту аймағы – Алматы облысының орталық және солтүстік бөлігінде 125 мың ш. км шамасында. Өткізу қабілеті - 1 млрд. кВт*с дейін. Электр желілік компаниясының серіктес болуы Корпорацияға өңірдегі өндірістік және энергетикалық қуаттарын дамытуында шешуші артықшылық береді. 1998 ж.бастап Корпорациямен бірлесе электр энергетикасында, гидротехникалық құрылыста, өнеркәсіпте қиындығы кез келген дәрежедегі құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындауға қабілеті бар жинақталған механикаландырылған бөлімшелері бар энергетикалық кұрылыс компаниялары тобы тиімді жұмыс жасауда. Компаниялармен өңірлік және мемлекеттік маңызы бар энергетикалық жобалар қатары орындалды - жүйе құрушы ЭБЖ мен 110, 220, 500 кВ қосалқы станциялары, бірнеше маңызды гидротехникалық құрылыстар және т.б. салынып, қайта құрылған.
Табысты қызметтің 20 жылы өткеннен кейін Корпорация «TSC» - Technology, Service, Communication қысқармасымен белгіленген шектерден өскені анық болды. Осы уақытқа Корпорация қызметі жалпы ұлттық көлемге ие болып, 2007 жылғы 29 желтоқсанда «TSC Group Corporation» жаңа атқа ие болды: «ZHERSU» инвестициялық –өнеркәсіптік корпорациясы.
Корпорацияның жаңа логотипі - «Сүйінші» немесе «Вестник» петроглифінің стильге келтірілген бейнесі. Осы петроглиф найза сабына байланған ақ орамал белгісі болып табылатын жақсы жаңалығы бар хабаршыны бейнелейді. «Сүйінші» - жақсы, игі хабар! Алтын хабаршы – табыс, сәттілік, гүлдену, барлық ақ үміт кейпінің белгісі. «ZHERSU» көне түрік сөзі, бес мың жылдық тарихы бар және ОТАН деген ұғымды білдіреді.
Біз – «ZHERSU»!