Даму стратегиясы

Даму стратегиясы
«ZHERSU» ИӨК стратегиялық мақсаты Корпорацияның бизнес бірліктерін одан әрі нығайту мен дамыту, және оларды жаңа нарықта игеру, қызмет түрлерін әртараптандыру, инвестицилық жобаларға қатысу, сондай-ақ одан да табысты және перспективті бағыттар бойынша шетел нарықтарына шығу болып табылады. Біз өз клиенттеріміз үшін сенімді серіктес болуға, және олардың бизнесімен табысты біріктіре отырып, бірлескен жұмыстың түпкі нәтижесі үшін жауапкершілікке ортақ болуға тырысамыз.

Корпорации міндеті
«ZHERSU» ИӨК – өз қызметімен энергетикалық, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс салу, қондырғы, құралдармен жабдықтау, металл өңдеу, ауыл шаруашылығы және т.б. сол сияқты салалардың табысты дамуына қолдау көрсететін көп бейінді компания. Біздің табысымыз әлеуметтік тұрғыдан жауапты, іскери тәжірибенің жоғары талаптарына сай болу, ең жаңа технологияларды қолдану мен елдің және оның азаматтарының дәулетті өмір сүруін қамтамасыз етуге негізделген.

Корпорация қағидаттары
Берілген мақсаттарға біздің Командамыздың құндылықтар мен қағидаттардың жалпы жүйесімен біріктіріле отырып, ортақ пікірлес ретінде бірлесе күш салумен қол жеткізіледі.

         

Біздің құндылықтарымыз бен қағидаттарымыз:

Сапа. Жаңартпалар. Перспективалар.
Біз үшін сапа мәселесі – ымыра тақырып емес. Жоғары сапа мен ең жоғары тиімділік – біздің табысымыздың маңызды өлшемдері мен Корпорация құрамындағы барлық компаниялар үшін басты артықшылық. Біз жетекшілікке тырысамыз. Озық дүниежүзілік тәжірибені табысты қолданып және өз әзірлемелерімізді қолдана отырып, тұрақты дамудамыз, инновациялық шешімдерді іздеудеміз.


Жауапкершілік. Серіктестік.
Біз клиенттер, серіктестер, қызметкерлер алдында өз міндеттемелерізді орындауда жауаптымыз. Біз әрқашан Корпорация мен оның тапсырысшылары мүдделерінде жасалатын әрекеттерде табандымыз. Біз бірлесіп табысты нәтижелерге қол жеткізе отырып, өз серіктестіктерімізге сенеміз және құрмет көрсетеміз. Біз компанияларымыз бар өңірлерде әлеуметтік және экономикалық оң жағдай жасап, қоғам алдындағы міндеттерімізге ерекше жауапкершілікпен қараймыз.

Команда. Кәсіпқойлық
Дарынды және кәсіпқой қызметкерлер – біздің бизнесіміздің басты бәсекелестікке қабілетті артықшылықтарымыздың бірі. Өз қызметкерлеріміз үшін біз кәсіби және жеке әлеуетін ашу, олардың материалдық дәулетінің өсуі үшін жағымды жағдайлар жасаймыз. Біздің командамыз – нақты үйлестігі мен әрекеті келісті Корпорацияның табысты қызметін қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандар.